Колледж миссиясы

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің  орта буын мамандарын дайындау саласындағы миссиясы – экономиканың индустриялық-инновациялық жаңғырту жағдайында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және білім мазмұнын жаңарту.

  Миссияның мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Колледждің білім беру саясатының мақсатты басымдылықтары – кәсіби оңтайлы, нарық серпіні жағдайында үнемі өз бетімен білімін көтеруге және дамуға дайын тұлға дайындау, білім берудің нәтижесіне, яғни кәсіби мәселелерді шешу техникасын сапалы меңгерген маман дайындауға ерекше назар аудару.

Аталған мақсатқа жету құралдары: білім беру үдерісінің  инновациялық жағдайын жасау және жүзеге асыру.

Қызметтің басымды  инновациялық бағыттары:

  • ақпараттық-білімдік жүйе  дайындау және оны енгізу;
  • денсаулық сақтаушы білім беру кеңістігін қалыптастыру және оның  дамуы;
  • тұлғаға бағытталған, шығармашылық педагогиканы енгізу және оның дамуы.

Стратегиялық мақсаттар:    

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;
  • ішкі және сыртқы нарыққа аса білікті мамандар дайындау;
  • отандық және шетелдік ұйымдармен серіктестік байланысты кеңейту

— негізінде жалпы еуропалық білім беру кеңістігіне бірігу;

— маман дайындаудың және ересек тұрғындарды қайта даярлаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз ететін көпбейінді білім беру мекемесін құру;

— үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру;

— орта буын мамандарына қойылатын біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты ТжКБ әртүрлі бейінді мамандар дайындау жүйесінің тұрақты қызмет жасауы мен дамуын қамтамасыз ету;

— білім беру сапасын басқару жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

— жұмыс берушілердің жаңа құзыреттіліктерге сұранысының өсуіне және заманауи өндірістік технологияларды енгізуге байланысты білім берудің заманауи сапасына қол жеткізу;

— колледждегі  білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында денсаулық сақтаушы білім беру кеңістігінің жан-жақты дамуы;

— әлеуметтік серіктестік жүйесін  және оның нәтижесі ретінде дайындаудың келісімді-мақсатты формасын дамыту (оқытудың дуалдық жүйесін енгізу).

Ұзақ мерзімді мақсаттар:

  • еңбек нарығы талаптарына сәйкес жұмыс берушілер мен білім беру қызметін тұтынушылардың кәсіби дайындықтың мазмұны мен сапасына деген сұраныстарының қанағаттандырылуы;
  • маман дайындаудың мүмкін бағыттарын айқындау мен жаңа мамандықтар ашу мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу.

 

Қойылған  мақсаттарға жету үшін білім беру мекемесінің даму бағыттары анықталға:

  • МЖМБС жаңа буын ақпараттық-білімдік технологиялары мен ресурстарын дайындау және енгізу;
  • қазіргі жағдайларға сәйкес орта буын қызметкерлерін кәсіби  дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында құзыретті көзқарасты жетілдіру;
  • оқыту үдерісін ұйымдастырудың формаларының жариялылығы мен оралымдылығын жүзеге асыру;
  • білім беру қызметінде білім берудің басты мақсаттарын және соған сәйкес технологияларды жүзеге асыру;
  • басқару құрылымын  одан әрі жетілдіру.