Құрметті достар!

      Атырау аграрлы- техникалық колледжі – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы  тәжірибесі мол бірден-бір техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны.
Атырау аграрлы- техникалық колледжі – бірінші болып институционалды аккредитациядан өткен және 23 мамандықтар мен   біліктіліктер бойынша білім бету кызметін жүзеге асыратын Атырау облысындағы  аграрлық бағыттағы техникалық және кәсіптік білім беру орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.
Атырау аграрлы- техникалық колледжі – агралыө сала бойынша НКАОКО рейтингісі бойынша көшбасшы болып саналатын оқу орны. Біздің колледж ИСО 9001:2016 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.
Колледж орта буынның білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, рухани-тәрбиелік, инновациялық жаңалықтарды енгізуге бағытталған оқу орны.
Бүгінгі таңда Атырау аграрлы- техникалық колледжі Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және тәрбие ордасы.
Колледж құрамында 3 бөлім, 10 ЦӘК, технопарк қызмет атқарады: 100 астам оқытушы еңбек етеді. Колледжде 2000 астам  студенттер білім алуда.  Біз, тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи білім бағдарламаларын жүзеге асыруда облысымыздың  3 жоғарғы оқу орындарымен  және 70 астам кәсіпорынлармен ынтымақтастық орнаттық.
Біз Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысады. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз .
Сіздерді колледжге  шақырамыз! Атырау аграрлы- техникалық колледжіне қош келдіңіздер!

Құрметпен, Атырау аграрлы- техникалық колледжі  директоры,

техника ғылымдарының докторы, профессор И.И.Жанұзақов.

 

Сұрақ - жауап

  • Әзірге сұрақ жоқ

Сұрақ қою