Оқуға құжаттарды қабылдау ережесі

Қабылдау комиссиясының құрамы

Атырау аграрлы- техникалық  колледжіне

2019-2020 оқу жылына  оқуға қабылдау

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1.Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық  колледжіне   оқуға қабылдаудың ережелері (бұдан әрі — Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын  (бұдан әрі — Заң), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №587 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту» туралы бұйрығын, басшылыққа ала отырып, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжіне (бұдан әрі — Колледж) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

  1. Колледжге кадрлар даярлау үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
  2. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді:

      1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін-1%;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін-0,5;

      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін-30;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін-2;

      5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын-1;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.
4.Түсу емтихандарын тапсыру нысанын Колледж белгілейді.

3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау мерзіміне Колледж директорының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  1. Колледжде қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы  органның келісімі бойынша шешіледі.
  2.      Колледжде  тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Колледжде  оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

  1.      Оқуға түсушілер Колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып,
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын;
  • 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер Колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Колледжге ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер  (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық –әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын  бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынылған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

  • жеке аудитория ұсыну;
  • көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған   мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініщ бере алады.
  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Конкурс Колледж  өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып Колледж директорының  (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және Колледждің  интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.

  1. Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес айқындалады.
  1. Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж директорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледждің  педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

Хатшы апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
  3. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына — күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына — күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы  аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің  білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау  конкурсына қатысуға:

  • негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем;
  • жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем жинағандар жіберілмейді;
  1. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау — күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.


1-қосымша

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары мамандықтарының  бейіндері бойынша жалпы білім беру пәндері тізімі

Кәсіптік және техникалық білім беру мамандықтары

Мамандықтар атауы Бейіндік пән атауы:
Жалпы орта білім
(негізгі білім)
Орта білім
(орта жалпы)

0500000 — Сервис, экономика және басқару

0512000 Аудармашы ісі (түрлері бойынша) Шетел тілі Шетел тілі
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша) Математика Математика
0519000 Экономика (салалар бойынша) Математика Математика
  0700000 — Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру  
0713000 Геодезия және картография Математика Математика

0900000 — Энергетика

0911000 Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) Математика Физика

1100000 – Көлік,технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)

1119000 Тоңазытқыш-компрессор машиналары және қондырғылары Математика Математика

1200000 – Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу

1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Математика Математика
1203000 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару Математика Математика
1204000 Су көлігін пайдалану (бейіні бойынша) Математика Физика

1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар 

1304000 Электрондық есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру
(түрлері бойынша)
Математика Математика
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) Математика Математика

1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

1401000 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану Математика Математика

1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

1504000 Фермер қожалығы (бейіні бойынша) Биология Биология
1502000 Агрономия Биология Биология
1505000 Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) Биология Биология
1509000 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) Математика Химия
1511000 Жерге орналастыру Математика Математика
1513000 Ветеринария Биология Биология


 

2-қосымша

Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын 
 айқындайтын Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу 
     бағдарламалары бойынша мамандықтардың тізбесі

РК Кәсіптік білім беру мамандықтары-
ның коды
Білімнің бейіні Мамандықтар-
дың атауы
Біліктілігі Орта білім-
нен кейінгі
білім беру
ұйымдарының
білім беру
оқу бағдар-
ламаларын
меңгерудің
нормативтік
мерзімі
(жыл,ай)
Жалпы орта
білім беру
базасында
1 2 3 4

1500000-Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

1513000 Ветеринария    
1513053   Ветеринар — фельдшер 2 жыл 10 ай
0500000-Сервис, экономика және басқару      
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)    
0518023   Бухгалтер-ревизор 1 жыл 10 ай




Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат

Оқу орны____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
_____________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

_______________________________________________________________ мынадай құжаттар алынды:

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)______________________

  1. Өтініш
  2.  _______________________________________________
  3. _______________________________________________
  4. _______________________________________________
  5. _______________________________________________
  6. _______________________________________________
  7. _______________________________________________

Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

20__ ж. « __» _____________